«Құқық бұзушылықтың алдын алу» / «Профилактика правонарушений среди
Мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізілді. Іс-шараны Бостандық ауданының прокуратура қызметкерлері жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі қарастырылғаны түсіндірілді. Заңдардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың болуына жол бермеу екені атап өтілді.