09
сәуір
2026
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» / «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних»
Мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізілді. Іс-шараны Бостандық ауданының прокуратура қызметкерлері жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі қарастырылғаны түсіндірілді. Заңдардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың болуына жол бермеу екені атап өтілді.
Сонымен қатар келесі мәселелер қозғалды:
• Электросамокаттарды қауіпсіз пайдалану;
• Себепсіз сабақтан қалу;
• Вандализм (ҚР ҚК 294-бабы);
• Полиция мен ТЖ қызметтеріне жалған шақыру жасау (ҚР ҚК 273, 274-баптары).
Оқушылар өздерін жауапты ұстаудың маңыздылығын түсініп, заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат алды.
В школе была проведена профилактическая беседа для учащихся на тему: «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» . Мероприятие провели сотрудники прокуратуры Бостандыкского района.
В ходе встречи учащимся разъяснили, что в Республике Казахстан предусмотрена ответственность несовершеннолетних за различные правонарушения. Было подчеркнуто, что законы направлены на профилактику и предупреждение противоправных действий.
Также были рассмотрены следующие вопросы:
• Безопасное использование электросамокатов;
• Прогулы школы без уважительной причины;
• Вандализм (ст. 294 УК РК);
• Ложные вызовы в полицию и службы ЧС (ст. 273, 274 УК РК).
Беседа способствовала формированию правовой грамотности и ответственности у учащихся.