«МЫҢ БАЛА» республикалық мәдени-ағарту жобасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «МЫҢ БАЛА» республикалық мәдени-ағарту жобасының Алматы қалалық байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің атынан 7 «А» сынып оқушысы Пешехонова Есения мен 9 «Б» сынып оқушысы Файзуллаева Бибихоним қатысып, арнайы дипломдармен марапатталды.