11
маусым
2026
«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагері / Пришкольный лагерь «Қарлығаш»
«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагері
Бүгін лагерьде қызықты әрі шығармашылыққа толы күн өтті. Балалар «Адамдарға қажетсіз заттардан ғажайыптар» атты қолөнер фестиваліне қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар жас шаштараздар байқауы ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше сән үлгілерін ұсынды.
«Шығармашылық әлемі» тақырыбындағы асфальтқа сурет салу байқауы балалардың қиялын қанаттандырса, «Барлығы стартқа!» көңілді эстафеталары көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күн барысында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізіліп, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ балалар «Қазақша сөйлейік!» үйірмесіне қатысып, мемлекеттік тілде сөйлеу дағдыларын жетілдірді.
Күн жарқын әсерлер мен жақсы көңіл күйге толы болды!
Сегодня в лагере прошёл насыщенный и творческий день. Ребята приняли участие в фестивале поделок «Чудеса для людей из ненужных вещей», где проявили фантазию и мастерство. Интересным событием стал и конкурс парикмахеров, на котором участники продемонстрировали свои творческие способности.
В конкурсе рисунков на асфальте «Мир творчества» дети воплотили свои самые яркие идеи, а во время весёлых стартов «Все на старт!» получили заряд бодрости и отличного настроения. В течение дня был проведён инструктаж по технике безопасности, организована работа в рамках проекта «Читающая школа», а также прошло занятие кружка «Қазақша сөйлейік!», направленное на развитие разговорной речи на государственном языке.
День подарил ребятам много положительных эмоций, новых знаний и ярких впечатлений!