Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарлығаш» мектеп жанындағы лагеріндегі Спорт күні / День спорта в пришкольном лагере «Қарлығаш»
09
маусым
2026

«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагеріндегі Спорт күні / День спорта в пришкольном лагере «Қарлығаш»

                            «Қарлығаш» мектеп жанындағы лагеріндегі Спорт күні

      «Қарлығаш» мектеп жанындағы жазғы лагерінде жарқын әрі қызықты Спорт күні өткізілді. Іс-шараның басты бөлімі ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балалардың қатысуымен ұйымдастырылған «Көңілді старттар» спорттық эстафетасы болды.
      Спорттық мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың дене белсенділігін арттыруға, достық қарым-қатынас орнатуға және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысушылар түрлі эстафеталар мен спорттық сайыстарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті.
      Іс-шараны өткізуге 8-сынып оқушыларынан құралған еріктілер үлкен қолдау көрсетті. Олар жауапкершілік танытып, кіші сынып оқушыларына көмектесіп, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
       Еріктілер қатарында 8 «Г» сынып оқушысы Леонова Марияны ерекше атап өткіміз келеді. Ол «Я Танцую Здесь» би студиясының жаттықтырушысымен бірге балаларға сергіту жаттығуын өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
       Спорттық мереке достық, өзара қолдау және қуаныш атмосферасында өтті. Барлық қатысушылар жақсы әсер алып, спорттың денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамдарды біріктіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
       Іс-шараға қатысқан барлық оқушыларға, педагогтерге және еріктілерге белсенділіктері мен қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз!

-----------------------------------------------------------------------------------------


        В пришкольном лагере «Қарлығаш» прошёл яркий и насыщенный День спорта, главным событием которого стала спортивная эстафета «Весёлые старты» с участием детей с особыми образовательными потребностями (ООП).
        Мероприятие объединило ребят разных возрастов, подарило участникам заряд бодрости, положительных эмоций и хорошего настроения. Дети активно участвовали в спортивных конкурсах и эстафетах, проявляя ловкость, быстроту, настойчивость и умение работать в команде.
       Особую помощь в проведении мероприятия оказали волонтёры – учащиеся 8-х классов, которые проявили ответственность, инициативность и заботу о младших школьниках. Среди них хочется отметить ученицу 8 «Г» класса Леонову Марию, которая совместно с тренером танцевальной студии «Я Танцую Здесь» провела для участников весёлую и энергичную разминку. Благодаря их поддержке ребята смогли настроиться на соревнования и получить ещё больше положительных эмоций.
      Спортивный праздник прошёл в атмосфере дружбы, взаимопомощи и радости. Все участники получили массу ярких впечатлений и ещё раз убедились, что спорт объединяет, укрепляет здоровье и помогает раскрывать свои возможности.
        Благодарим всех участников, педагогов и волонтёров за активность и вклад в проведение замечательного спортивного праздника!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: