"Жас құтқарушы – 2025" / "Юный спасатель – 2025"
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген Бостандық ауданының білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы аудандық "Жас құтқарушы – 2025" слетіне мектебіміздің командасы жоғары дайындықпен қатысып, жүлделі І орынды иеленді!
Бұл жетістік – оқушыларымыздың ептілігі мен батылдығының, жетекшісі Тимощук Владимир Николаевичтің қажырлы еңбегі мен жетекшілігінің нәтижесі.
🏆 Мектеп ұжымы команда мүшелеріне және жетекшісіне шынайы алғысын білдіреді!
Сіздер – нағыз жауапкершілік пен ұйымшылдықтың үлгісісіздер!
Ел қауіпсіздігін сақтау ісіне өз үлесін қосуға дайын, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Бірлік бар жерде – жеңіс бар!
"Жас құтқарушы – 2025" жеңісі – сіздердің абыройлы еңбектеріңіздің жемісі! 🌟
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Гордость нашей школы – победа на городском слете «Юный спасатель – 2025»!
В рамках районного этапа городского спортивного слета "Юный спасатель – 2025", организованного Департаментом по чрезвычайным ситуациям города Алматы, команда нашей школы под руководством Тимощука Владимира Николаевича достойно представила учебное заведение и завоевала почетное 1 место среди образовательных организаций Бостандыкского района!
🏆 Искренняя благодарность всем участникам команды и их наставнику за высокий уровень подготовки, сплоченность, отвагу и стремление к победе!
Вы стали ярким примером того, как целеустремленность, ответственность и командный дух приводят к отличному результату.
Желаем дальнейших успехов и новых достижений!
Пусть ваша энергия и стремление служат вдохновением для других!
С победой, юные герои! 💪🌟

