Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2026 года
Педагогикалық ұжыммен түсіндірме жұмысы/ Беседа с педагогическим коллективом
30
наурыз
2026
Педагогикалық ұжыммен түсіндірме жұмысы/ Беседа с педагогическим
       Білім беру ұйымында педагогикалық ұжыммен этика мәселесіне арналған  жұмыс өткізілді. Кездесу барысында педагогикалық этика ережелерін сақтау, кәсіби мінез-құлық нормалары, сондай-ақ этикалық нормаларды бұзу фактілері талқыланды.       Педагогикалық ұжыммен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, этикалық қағидаларды сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Білім мен тәрбие берудің сапасы – педагогтардың адалдығы мен жауапкершілігінде.
«Көмек» бағдарламасы/ программа «Көмек»
30
наурыз
2026
«Көмек» бағдарламасы/ программа «Көмек»
       Бүгін «Көмек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалардың өмір қауіпсіздігі мен қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелеріне арналған сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйреніп, қауіпсіздік ережелерін қайталап, жауапты мінез-құлықтың маңыздылығын талқылады. Мұндай іс-шаралар балалардың өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыруға және қауіпсіз өмір салтын ұстануға ықпал етеді.
«Жеке қауіпсіздік» бағыты бойынша сабақтар/ Занятия по  направлению «Личная безопасность».
30
наурыз
2026
«Жеке қауіпсіздік» бағыты бойынша сабақтар/ Занятия по направлению
Сынып сағаты аясында  «Жеке қауіпсіздік» бағыты бойынша сабақтар өткізілді. 1–4 сыныптар: «Жолдағы қауіпсіздік ережелері» 5–7 сыныптар: «Кибербуллинг. Интернеттегі қауіпсіздік» 8–11 сыныптар: «Таза сана – таза әдет» Мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: • жолдағы қауіпсіздік ережелерін үйрету; • интернеттегі қауіптер мен кибербуллингтен қорғану жолдарын түсіндіру; • өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
«Адал азамат» бағыты бойынша сынып сағаттары / Классные часы
30
наурыз
2026
«Адал азамат» бағыты бойынша сынып сағаттары / Классные часы
    Мектебімізде  «Адал азамат» бағыты бойынша сынып сағаттары өткізілді. 1–7 сынып оқушылары үшін «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл» тақырыбында, ал 8–11 сыныптарда «Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 88 жыл» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға ұлт зиялыларының өмірі мен еңбегін таныстыру, отансүйгіштікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Кәсіптік бағдар беру» бағыты бойынша сабақтар/ занятия по направлению  «Профориентация»
30
наурыз
2026
«Кәсіптік бағдар беру» бағыты бойынша сабақтар/ занятия по
Сынып сағаты аясында  «Кәсіптік бағдар беру» бағыты бойынша сабақтар өткізілді. Оқушылар үшін келесі тақырыптарда сынып сағаттары ұйымдастырылды: 1–4 сыныптар: «Менің болашақ мамандығым туралы арманым» 5–7 сыныптар: «Мен мамандықтар туралы не білемін?» 8–9 сыныптар: «Мамандықтар әлемі». Шолу 10–11 сыныптар: «Білім және мамандық» Сабақ барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін талқылады, болашақ мамандық таңдауы туралы ой бөлісті.
Ұлттық спорт күні/ День национальных видов спорта
19
наурыз
2026
Ұлттық спорт күні/ День национальных видов спорта
     Наурызнама жоспары аясында мектебімізде Ұлттық спорт күні ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, ұлттық дәстүрлер мен салауатты өмір салтын ұштастырған спорттық эстафеталарға белсене атсалысты. Бағдарлама салтанатты ашылудан басталып, қатысушыларға қазақ және орыс тілдерінде құттықтау сөздер айтылды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар Наурыз – татулық пен жаңару мерекесімен құттықталды.
"Домбыра үні" / Городской флешмоб  «Домбыра үні»
17
наурыз
2026
"Домбыра үні" / Городской флешмоб «Домбыра үні»
         Сегодня наши дети приняли участие в масштабном городском флешмобе «Домбыра үні», который прошёл в «Almaty Arena» в рамках празднования Наурыз мейрамы.          Особая гордость — установлен рекорд Казахстана: 11 000 учащихся одновременно исполнили произведения на домбре          Дети проявили высокий уровень ответственности, дисциплины и достойно представили нашу школу. Благодарим вас за поддержку, подготовку детей и вклад в развитие национальных ценностей!