«Қызғалдақ» қыздар клубы «Бет терісіне күтім жасау» / клуб девочек
«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Қызғалдақ» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Бет терісіне күтім жасау» тақырыбында пайдалы кездесу өтті. Косметолог Романова Вероника Александровна оқушыларға тері күтімінің маңызы, дұрыс күтім жасау жолдары туралы айтып, құнды кеңестерімен бөлісті. Пайдалы кездесуді ұйымдастырған клуб жетекшілері Холова Надира Амантаевна мен Баутова Дильнара Махмутовнаға және маманға алғыс білдіреміз! «Қызғалдақ» клубы барлық қыздарды клуб жұмысына қатысуға шақырады!