Шығармашылық жеңіс: «Зерде» байқауының жүлдегері!
Мектебіміздің мақтанышы, 7-сынып оқушысы Нерет Ольганы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Ольга ХХІ «ЗЕРДЕ» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңінде бақ сынап, «Технология және өнер» секциясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас зерттеушіміздің еңбегін бағалап, бағыт-бағдар берген жетекшісі Исабекова А.Е.-ге алғыс білдіреміз. Ольгаға жаңа белестерді бағындырып, ғылым мен өнер жолында тек биіктерден көріне беруін тілейміз! Құттықтаймыз!