Сынып сағаты «Алматы – таза қала»
Бірыңғай «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында сынып сағатында «Алматы – таза қала» тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар экологиялық мәдениет, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және туған қаланың тазалығын сақтау маңыздылығы туралы талқылады. Әр адамның тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарауы ерекше атап өтілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.