Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ БАСТАУЫ!
22
наурыз
2025

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ БАСТАУЫ!

                                                                      НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ БАСТАУЫ!

Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңарып, жаңа жыл есік қақты!
Наурыз мейрамын мектебіміз ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.
«Наурыз – жыл басы!» атты мерекелік іс-шара Бәитұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Наурызнама кестесіне сай ұйымдастырылды.

      Бұл күні мектебіміз ұлттық болмыс пен рухани байлықты дәріптеген шынайы той алаңына айналды!
Сахнада ұлттық дәстүр мен өнер тоғысты, оқушылардың орындауындағы әсем әндер мен көріністер мерекеге ерекше әр берді.

Іс-шарамызға арнайы құрметті қонақтар шақырылды: 
– Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі
– «Аманат» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали
– «Қазақ аналары – дәстүрге жол»республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері
– Ақын, өнертанушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі – Тікебаева Бүбішхан
– Ардагерлер кеңесінің мүшелері
– Тыл еңбеккерлері

Қонақтарымыз бен оқушылар арасындағы рухани байланыс, ұрпақ сабақтастығы көрініс тапқан бұл мереке – жүрекке жылу сыйлады.
Наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар ойнатылып, ата-бабадан қалған асыл дәстүрлер жаңғырды.
Наурыз – бірлік пен жаңарудың жаршысы!
Жаңа жыл әр отбасыға береке, бақ-дәулет әкелсін!
#Наурыз2025 #ҰлыстыңҰлыКүні #НаурызМерекесі #ЖылБасы #БәитұтасТәрбие #Наурызнама #Ардагерлер #ТылЕңбеккерлері #ҰрпақСабақтастығы #ҰлттықҚұндылық #МектепМерекесі #ТәрбиелікШара #ҚазақМәдениеті



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: