«Ұстаз мәртебесі – ұрпақ мәртебесі»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде «Қазақ аналары дәстүрге жол» РҚБ Бостандық ауданы филиалын (төреайымы Сатимбекова Күләш ханым) шақырып мектеп ұстаздарына арналған «Ұстаз мәртебесі – ұрпақ мәртебесі» атты семинар ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясындағы «Даналар мектебі» жұмысы барысында мектебімізде жаңадан «Әжелер мектебі» клубының ашылу салтанаты өтті.
«Ұстаз мәртебесі – ұрпақ мәртебесі» атты семинар
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде ерекше шара өтті. Бүгін біз Бостандық ауданының «Қазақ аналары дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалының төреайымы, қадірлі Күләш Сатимбекова ханымның жетекшілігімен ұйымдастырылған семинарға куә болдық.
Бұл жиын ұстаздарымыздың қадір-құрметін арттырып, оларды қолдауға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесі мен ұстаздың рөліне деген көзқарасымызды жаңаша зерделеп, халқымыздың дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарына негізделген тәрбие беру жолдарын кеңінен талқыладық.
Семинар ұстаздар үшін рухани тұрғыдан тың серпін беріп, жаңа әдіс-тәсілдер мен білім алу жолдарын жаңғыртуға ықпал етті. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен тәрбие мәнін кеңінен түсіну арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды бағыттарды айқындады.
Әрбір ұстаздың еңбегі мен іскерлігі ұрпақтың болашағына жол ашады. Ал, біз өз кезегімізде білім мен тәрбие саласындағы аянбай еңбек етеміз, себебі бұл – еліміздің жарқын болашағы үшін жасалатын маңызды қадам!
#ҰстазМәртебесі #БіртұтасТәрбие #ҰрпақТәрбиесі #ҚазақАналары #ҰстаздарғаҚұрмет
