Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инклюзивті мәдениетке қадамдар» семинар-практикум
24
желтоқсан
2024

«Инклюзивті мәдениетке қадамдар» семинар-практикум

       20 желтоқсанда мектебімізде «Инклюзивті мәдениетке қадамдар» тақырыбында семинар-практикум өтті.
📌Бұл күн біздің мектеп үшін ерекше күн болды. Семинар барысында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жолында маңызды қадамдар талқыланды. Педагогтар мен сарапшылар балаларға тең жағдайлар жасау және ерекше білім қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау туралы ой бөлісті.
🎉Семинардың басты жетістігі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін ~дидактикалық материалдардың шығарылуы болды.
Бұл материалдар мұғалімдерге оқу процесін дараландыруға, әрбір баланың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқытуға көмектесетін құнды құрал болмақ.
       Дидактикалық материалдар мұғалімдер үшін үлкен көмек болары сөзсіз. Олар күнделікті сабақтарда қолдануға ыңғайлы, оқушылардың түрлі дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалармен толықтырылған. Бұл материалдар оқу процесін жеңілдетіп, балалардың білімге деген қызығушылығын арттырады.
        Семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз. Бірлесіп жасаған жұмыстарымыз инклюзивті білім берудің дамуына үлкен үлес қосады, ал бұл өз кезегінде әрбір балаға тең мүмкіндік беруге жол ашады.


-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: