ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ » КГУ «Общеобразовательная школа №10»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) (727) 394 83 95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ
05
ақпан
2024

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ


ҰБТ-ДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ

⚜️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар түсушілердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін әртүрлі шараларды қабылдауды жалғастырып жатыр.

«Өткен жылдардағыдай, 2024 жылғы ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады. Сонымен қатар көру қабілеті бұзылған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Айта кетейік, қажеттілік туындаған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: