«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагеріндегі Спорт күні / День спорта в
«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагеріндегі Спорт күні «Қарлығаш» мектеп жанындағы жазғы лагерінде жарқын әрі қызықты Спорт күні өткізілді. Іс-шараның басты бөлімі ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балалардың қатысуымен ұйымдастырылған «Көңілді старттар» спорттық эстафетасы болды. Спорттық мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың дене белсенділігін арттыруға, достық қарым-қатынас орнатуға және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді.