Ұлы Жеңіс күні — ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын қасиетті мереке.
Ұлы Жеңіс күні — ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын қасиетті мереке. Осы айтулы күнге орай мектебіміздің оқушылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бүгінгі бейбіт өмір — майдангерлердің қайсарлығы мен жанқияр ерлігінің жемісі. Жас ұрпақ батыр бабалардың ерлігін ұмытпай, жүрегінде мәңгі сақтайды. Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран. Ұлы Жеңіс жасасын!