«Менің Қазақстаным» / Мероприятие «Мой Казахстан»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында « №10 жалпы білім беретін мектеп » КММ-де жаңа оқу жылының басында «Менің Қазақстаным» атты іс-шара бастау алды. Әр оқу аптасының алғашқы сабағында оқушыларымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін зор мақтанышпен орындайды. Бұл дәстүр жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.