2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты
🎓 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты Бүгін мектебіміздің тарихында ерекше күн! 11-сынып бітірушілеріне орта білім туралы аттестат табысталды. Бұл — түлектер үшін жаңа өмірге бастар алғашқы қадам. Салтанатты кеш өте әсерлі әрі шынайы эмоцияларға толы болды. Ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды тілектерін айтып, түлектерге сәттілік тіледі. Жас түлектер алғыс сөздерін арнап, мектеппен қоштасу сәтін есте қаларлық сәтке айналдырды.