«Гаджет және рухани даму» / «Гаджеты и духовное развитие»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында және «Балалар кітапханасы» жоспарына сәйкес «Гаджет және рухани даму» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі заманда кеңінен қолданылатын технологиялық құралдардың (смартфон, планшет, компьютер) адамның ішкі жан дүниесіне, ой-санасына және рухани дамуына әсерін түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушыларға гаджеттерді шектен тыс қолданудың адамның ойлау қабілетіне, мінез-құлқына және құндылықтарына тигізетін әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, гаджеттердің пайдалы және зиянды жақтарын ажырату, уақытты тиімді пайдалану, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Оқушыларға рухани дамуға, атап айтқанда кітап оқу, ойлану және өзін-өзі жетілдіруге көбірек көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді. Технология мен рухани дамудың арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
В рамках программы «Адал азамат» и в соответствии с планом «Детская библиотека» было проведено познавательное мероприятие на тему «Гаджеты и духовное развитие».
Цель мероприятия – разъяснение влияния современных технологических устройств (смартфон, планшет, компьютер) на внутренний мир человека, его мышление и духовное развитие.
В ходе мероприятия учащимся было разъяснено, как чрезмерное использование гаджетов влияет на мышление, поведение и систему ценностей. Также были рассмотрены вопросы различия полезных и вредных сторон гаджетов, формирования навыков самоконтроля и рационального использования времени.
Особое внимание было уделено необходимости духовного развития, включая чтение книг, размышление и саморазвитие. Подчеркнута важность сохранения баланса между технологиями и духовным развитием. Мероприятие прошло на высоком уровне, поставленные цели достигнуты.
