«Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесі / Книжная выставка и мероприятие «Тәуелсіздік – тұғырым»
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесі мен іс-шара
«Адал азамат» бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында, Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы №10 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2025 жылғы 15 желтоқсанда мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздіктің баға жетпес байлығымыз екенін ұғындыру.
Кездесу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куралова Алтынқыз Тоқтарқызы Желтоқсан оқиғасы туралы мазмұнды ақпарат беріп, тәуелсіз елдің ұрпағына бақытты балалық шақ тіледі. Сонымен қатар, оқушыларды жақсы оқуға, ел болашағы үшін біліммен, еңбегімен үлес қосуға шақырды.
Тәуелсіздік — елдігіміздің берік тұғыры!
==================================================================================
Книжная выставка и мероприятие «Тәуелсіздік – тұғырым»
В рамках реализации программ «Адал азамат» и проекта «Детская библиотека», ко Дню Независимости Республики Казахстан в библиотеке общеобразовательной школы №10 города Алматы была организована книжная выставка.
15 декабря с участием учащихся школы прошло тематическое мероприятие «Тәуелсіздік – тұғырым».
Цель мероприятия — воспитание у школьников чувства патриотизма, любви к Родине и понимания того, что независимость является нашей главной ценностью.
В ходе встречи учитель казахского языка и литературы Куралова Алтынкыз Токтаркызы рассказала учащимся о событиях декабря, пожелала подрастающему поколению счастливого детства в независимой стране, призвала хорошо учиться и вносить достойный вклад в развитие Казахстана.
Независимость — прочный фундамент нашего будущего!

