31
қазан
2025
📣 «Адал азамат» бағдарламасы аясында волейбол турнирі өткізілді!
🟢 «Адал азамат» бағдарламасы аясында волейболдан турнир өтті!
Бүгін мектебімізде ата-аналар мен оқушылар арасында достық және серіктестік рухында волейболдан тартысты турнир ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту болды.
Қатысушылар жоғары спорттық дайындық пен шынайы ынтымақ танытып, ойын тартысты әрі көңілді өтті. Турнир соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
💪 Бірлік пен адалдық – әр азаматтың басты қасиеті!
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #СалауаттыӨмірСалты #Мектеп10
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------