«Рәміздер – біздің рухымыз, біздің ар-ұжданымыз»
«Рәміздер – біздің рухымыз, біздің ар-ұжданымыз»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектебімізде «Рәміздер – біздің рухымыз, біздің ар-ұжданымыз» атты тәрбие сағаты өтті.
🔹 Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы терең мағлұмат беру, оларды құрметтеуге баулу және патриоттық тәрбие беру.
🔹 Тәрбие сағаты барысында оқушылар рәміздердің тарихымен, авторларымен танысып, олардың мәні мен маңызын талқылады.
🔹 Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, шағын қойылымдар көрсетіп, викториналарға белсене қатысты.
💙 Бұл тәрбие сағаты оқушылардың ұлттық сана-сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
#РәміздерКүні #ТәрбиеСағаты #ПатриоттықТәрбие #БіртұтасТәрбие #МенҚазақпын #МемлекеттікРәміздер