Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кітапханалық сабақ
📚 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кітапханалық сабақ өтті 🌿
Мектебіміздің кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық кітапханалық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар Абайдың өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылып, терең мағыналы қара сөздері талқыланды.
📖 Оқушылар сұрақ-жауапқа белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Абайдың шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, білім мен тәрбиеге деген құштарлықты арттыру мақсат етілді.
✨ Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлы Абайдың мол мұрасын дәріптеуге септігін тигізеді.
#АбайҚұнанбайұлы180жыл #КітапханалықСабақ #АбайМұрасы #РуханиЖаңғыру #БілімБастауышыКітап
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
📚 Библиотечный урок, посвящённый 180-летию Абая Кунанбаева 🌿
В нашей библиотеке прошёл увлекательный и познавательный урок, приуроченный к 180-летнему юбилею великого казахского поэта, философа и просветителя — Абая Кунанбаева.
Во время мероприятия ребята познакомились с жизнью и творчеством Абая, его вкладом в развитие казахской литературы и культуры. Звучали отрывки из его произведений, велась беседа о значении его идей и мыслей в современном мире.
📖 Юные читатели с интересом участвовали в обсуждении, отвечали на вопросы викторины, делились своими впечатлениями и мыслями. Урок стал настоящим мостиком между прошлым и настоящим, напоминая о вечных ценностях, которым учил Абай.
✨ Благодарим всех участников за активность и интерес. Вдохновляйтесь мудростью великого мыслителя и чаще заглядывайте в библиотеку!
#АбайКунанбаев180 #БиблиотечныйУрок #КультураИПросвещение #АбайдыңМұрасы #Библиотека