Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌸 "Қыз қылығымен көрікті" байқауы 🌸
06
наурыз
2025

🌸 "Қыз қылығымен көрікті" байқауы 🌸

🌸 "Қыз қылығымен көрікті" байқауы 🌸  

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 3-7 сынып қыз балалары арасында "Қыз қылығымен көрікті" байқауы өтті. 💐✨  
Бұл байқаудың басты мақсаты – қыз балалардың инабаттылық, сыпайылық, өнерге деген қызығушылық қасиеттерін дамыту, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасып, өз өнерлерін, білімі мен тапқырлықтарын көрсетті. 👑🎤🎭  
Қыздарымыз ұлттық киім үлгісін көрсетіп, қолөнер бұйымдарын дайындап, өнерлерін ортаға салып, сұрақ-жауап кезеңінде ақылдылықтарымен ерекшеленді.  
🌺 Осындай әсерлі кештің өтуіне атсалысқан барлық ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және көрермендерге алғысымызды білдіреміз! Қыздарымыз әрдайым әдептілігімен, сұлулығымен, өнерімен көз қуантсын! 💖  

#ҚызҚылығы #БіртұтасТәрбие #8Наурыз #МектепӨмірі #ҚазақҚызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: