«Қадыр оқулары» байқауының аудандық кезеңі
«Қадыр оқулары» байқауының аудандық кезеңі
«№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ қабырғасында Бостандық ауданы бойынша «Қадыр оқулары» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын дәріптеу мақсатында өткізілген бұл байқауда жас таланттар үш номинация бойынша бақ сынады:
✨ «Сөзім барда – өзім бар» – Қадыр Мырза Әли өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы.
🥇 1 орын – Умерханова Айана, «№23 мектеп-гимназия»
🥈 2 орын – Амангелді Кәусар, «№10 мектеп-интернаты»
🥉 3 орын – Баисов Әділет, «№81 мектеп-гимназия»
🌿 «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» – ақын шығармалары арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті паш ету.
🥈 2 орын – Жынсабаев Ханзада, «Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназия»
🥉 3 орын – Талғат Гүлсезім, «№23 мектеп-гимназия»
✍️ «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жас ақындардың өз шығармашылық туындыларын таныстыруы.
🥇 1 орын – Мұрат Әли Ерікұлы, «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»
🥈 2 орын – Даниял Айымбибі, «№81 мектеп-гимназия»
🥉 3 орын – Сейтқали Әліби, ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия»
📚 Байқауға қатысушылар қазақ поэзиясының сұлулығы мен құдіретін терең сезініп, көрермендерге рухани азық сыйлады. Әрбір жас ақын мен оқушы Қадыр жырларының мән-мағынасын ерекше сезіммен жеткізіп, поэзия әлемінде өз қолтаңбасын қалдыруға талпынды.
💫 Бұл шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!
#ҚадырОқулары #ӘдебиБайқау #ҚазақПоэзиясы #БостандықАуданы #№10ЖББМ
