Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мамандықтар марафоны" интеллектуалдық ойыны
07
ақпан
2025

"Мамандықтар марафоны" интеллектуалдық ойыны

                                      🔹 "Мамандықтар марафоны" интеллектуалдық ойыны

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «ЕҢБЕГІ АДАЛ - ЖАС ӨРЕН» жобасы аясында 2 «В» және 8 «Б» сынып оқушылары арасында "Мамандықтар марафоны" атты интеллектуалдық ойын өтті.

Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларына өз білгендерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

📢 Ойынға арнайы құрылыс компаниясының өкілдері шақырылды. Қонақтар құрылыс саласындағы мамандықтар туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, оқушыларға өз болашақтарын жоспарлауда пайдалы кеңестер берді.

🔹 Мақсаты:
- Оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру.
- Ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
- Балалардың сыни ойлау қабілетін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

📍 Мерекелік атмосферада өткен ойын оқушылардың кәсіби бағдарын анықтауға септігін тигізді.

✨ #БіртұтасТәрбие #ЕңбегіАдалЖасӨрен #МамандықтарМарафоны #ҰрпақСабақтастығы #БолашаққаБағдар

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: