Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 ЖЫЛ - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ
10
қаңтар
2025

2025 ЖЫЛ - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ

                                      


     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін өте маңызды бағыттарды айқындап берді. Президент жиынды соңғы 5 жылдағы өзгерістер және саяси реформалардан бастады. Жолдауда экономика, бизнес, агроөнеркәсіп, инвестиция тарту, экология, цифрландыру, инфрақұрылым мәселелері және өзге де салаларға қатысты жаңа міндеттерді жүктеді.
         Әлеуметтік салаларға байланысты атқарылуы тиіс нақты жұмыстарға тоқталды. Білім саласында білікті кадр тапшылығы проблемасын шешу, инновацияға басымдық беру сөз болды. Қазақстан бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде 2025 жылдық соңына дейін 217 мектеп пайдалануға беріледі.  Үкіметке келесі жылдан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске қосу тапсырмасы берілді. Қоғамда еңбекқор және нағыз маман идеясын насихаттау мақсатында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды.
      Әкімдерді тікелей сайлау - халықтың талабы. 2021 жылдан бері 2,5 мыңға жуық әкімнің 60%-ы мүлдем мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Жұртшылықтың таңдауымен құрам жаңартылды. 2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын өткізу жалғасын табады. Қазіргі таңда қоғам талқысына түскен тақырыптардың бірі - атом электр стансасын салу. Президент Үкіметтің ұсынысын қолдай келе, биыл 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референ
дум өтетінін мәлімдеді. Мұнымен қоса коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту үшін жыл соңына дейін ұлттық жоба бекітіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: