«Логикалық ойлауды үйренеміз» / Заседание ЦППР на тему «Учимся мыслить логически»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) «Логикалық ойлауды үйренеміз» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде балалардың логикалық ойлауын дамыту мәселелері қарастырылды.
1. Логикалық ойлау – табыстың негізі. Логикалық ойлау қабілеті тапсырмаларды шешу, ақпаратты талдау және себеп-салдарлық байланыстарды құруда үлкен рөл атқаратыны, сонымен қатар ол оқу мен өмірде табысқа жетуге негіз болатындығы атап өтілді.
2. Балалардағы логикалық ойлаудың негізгі аспектілері. Мұғалімдер логикалық ойлаудың тек тапсырмаларды шешумен шектелмейтінін, сонымен қатар ойды дұрыс тұжырымдай білу, салыстыру, топтастыру және қорытынды жасау сияқты қабілеттерді де қамтитынын айтты.
3. Балаларға осы дағдыны қалай дамытуға болады? Кездесуде балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін түрлі тәсілдер мен әдістер ұсынылды. Олардың қатарында ойындар, зейін мен жадыны дамытуға арналған жаттығулар және балаларды мәселелерді талқылап, шешім қабылдауға тарту секілді әдістер бар.
4. Ата-аналарға практикалық кеңестер. Мұғалімдер ата-аналарға балаларға ойлауға ынталандыратын сұрақтар қойып, логикалық ойындар ұсынуды және олардың шешім қабылдауда дербестігін қолдауды ұсынды.
Кездесуді бастауыш сынып мұғалімдері Игенбаева Д.С., Клитбекова С., Курманғали Г.Н. жүргізді. Олар балалардың логикалық ойлауын дамыту бойынша құнды кеңестер мен практикалық ұсыныстар берді.
Логикалық ойлау дағдысын дамыту – бұл болашақта ақылды, дербес және сенімді тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам!
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
В рамках программы «Біртұтас тәрбие» состоялось заседание Центра педагогической поддержки родителей (ЦППР) на тему «Учимся мыслить логически». В ходе встречи педагогами были рассмотрены важные вопросы, связанные с развитием логического мышления у детей.
- Логическое мышление как основа успеха. Важность логического подхода к решению задач, умение анализировать информацию и выстраивать причинно-следственные связи становятся основой для достижения успеха как в учебе, так и в жизни.
- Ключевые аспекты логического мышления у детей. Специалисты подчеркнули, что логическое мышление включает в себя не только способность решать задачи, но и умение формулировать мысли, сравнивать, классифицировать и делать выводы.
- Как помочь детям развить этот навык. Были предложены различные подходы и методы, такие как игры, упражнения на внимание и память, а также вовлечение в обсуждения и решение проблемных ситуаций.
- Практические советы для родителей. Учителя посоветовали родителям чаще задавать детям вопросы, которые стимулируют размышления, предлагать логические игры, а также поощрять самостоятельность в принятии решений.
Заседание провели учителя начальной школы: Игенбаева Д.С., Клитбекова С., Курманғали Г.Н. Они поделились ценными рекомендациями и дали практические советы, которые помогут родителям в развитии логического мышления у детей.
Развитие логики – это важный шаг на пути формирования умных, самостоятельных и уверенных в себе личностей!


