"БІЛІМ КҮНІ" / "ДЕНЬ ЗНАНИЙ" » КГУ «Общеобразовательная школа №10»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БІЛІМ КҮНІ" / "ДЕНЬ ЗНАНИЙ"
01
қыркүйек
2024

"БІЛІМ КҮНІ" / "ДЕНЬ ЗНАНИЙ"

Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – «Білім күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылының басталуымен бірге біз білімге деген ұмтылысты арттырып, жаңа жетістіктерге қадам басамыз. Бұл жыл тек біліммен ғана емес, сондай-ақ тәрбиемен де ерекшеленеді.
Биылғы оқу жылында жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама пәндік сабақтар мен сынып сағаттары арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне және патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған. Әрбір сабақ, әрбір іс-шара оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Жаңа оқу жылы барлығымыз үшін табысты, білімге және тәрбиелеуге толы болсын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, биік белестерді бағындырыңыздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: