«ҰШҚЫР ОЙЛАР АЛАҢЫ — 2026»/ «ПЛОЩАДКА ОСТРЫХ УМОВ — 2026»
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында 7-сынып оқушылары арасында «ҰШҚЫР ОЙЛАР АЛАҢЫ — 2026» интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынға 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г» сыныптарының командалары қатысты. Қатысушылар өздерінің білімге құштарлығын, ой-өрісін және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тартысты сайыс нәтижесінде 7 «А» сыныбы жеңіске жетті 🎉 Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!