Халықаралық ЖИТС-тен қорғану күніне арналған волейбол ойыны / Игра
«Адал азамат» бағдарламасы аясында 27 қараша күні 6–8 сынып оқушылары арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру және ЖИТС-тен қорғану жөнінде ақпараттандыру. Оқушылар жоғары белсенділік танытып, командалық рух пен достық қарым-қатынасты көрсетті. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Спорт әрқашан бірлік пен жігердің символы болып қала берсін!