«Білім және карьера» көрмесі/ Выставка «Образование и карьера»
«10 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Қазақстандық XXIV халықаралық «Білім және карьера» көрмесіне қатысты. Көрменің мақсаты — оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту, заманауи білім беру трендтерімен таныстыру және олардың болашақ мамандық таңдауына қолдау көрсету. 10 мектептің 9-сынып оқушылары аталған көрмеге барып, жоғары оқу орындары, колледждер, білім беру ұйымдарының ұсыныстарымен танысып, мамандықтар әлемі туралы құнды ақпарат алды.