Түсіндіру жұмысы / Разъяснительная работа
2024 жылғы 26 қыркүйекте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп, полиция майоры Айдарханов Ерболат Айдарханұлы 8-10 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалау, «қорқытып алу» және буллинг фактілерін анықтауға бағытталды.