Алматы қаласы Білім басқармасының
«№10 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394 83 35
Есепші бөлімі:
+7(727) 394 83 95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаламыз – мақтанышымыз, ал спорт – бірлігіміз!
18
қыркүйек
2025
Қаламыз – мақтанышымыз, ал спорт – бірлігіміз!
                                  🏙️ Алматы күніне арналған спорттық шара! ⚽ Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында футболдан достық ойын өткізілді. Ойын тартысты өтіп, оқушылар өздерінің шапшаңдығын, бірлігін және спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Бұл шара жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға және туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. ✨ Қаламыз – мақтанышымыз, ал спорт – бірлігіміз! 🏙️ В честь Дня города Алматы в нашей школе прошла дружеская игра по
«Менің Қазақстаным» / Мероприятие «Мой Казахстан»
09
қыркүйек
2025
«Менің Қазақстаным» / Мероприятие «Мой Казахстан»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында  « №10 жалпы білім беретін мектеп »  КММ-де жаңа оқу жылының басында «Менің Қазақстаным» атты іс-шара бастау алды. Әр оқу аптасының алғашқы сабағында оқушыларымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін зор мақтанышпен орындайды. Бұл дәстүр жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
«Жолдағы қауіпсіздік» жобасы  / «Безопасность на дороге»
08
қыркүйек
2025
«Жолдағы қауіпсіздік» жобасы / «Безопасность на дороге»
«Жолдағы қауіпсіздік» жобасы          «Адал азамат » бағдарламасы және «Жолдағы қауіпсіздік» жобасы аясында КММ «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ сынып сағаттары өтті.  Балалар жолда жүру ережелерін еске түсіріп, түрлі мысалдар арқылы қауіпсіздікті сақтаудың жолдарын талқылады. Әр оқушы үшін бұл сабақ – жауапты жаяу жүргінші болуға тағы бір қадам. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------           В рамках реализации
«Алматы – таза қала» жобасы  / «Алматы – чистый город»
08
қыркүйек
2025
«Алматы – таза қала» жобасы / «Алматы – чистый город»
        «Адал азамат » бағдарламасы және «Алматы – таза қала» жобасы аясында «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларына  сынып сағаттары өтті.  Мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауды үйрету. Балалар табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және таза қалаға үлес қосудың маңызын түсінді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------        В рамках реализации
«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» / «Моя семья – моя крепость, мои родители – моя опора!»
08
қыркүйек
2025
«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» / «Моя семья – моя крепость,
                                                                                          «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»          Адал азамат бағдарламасы аясында «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларына   «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»   тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Оқушылар отбасының құндылықтарын, ата-ана қамқорлығының маңызын түсініп, отбасы – сенім мен жылулықтың бастауы екенін ұғынды.
«Қауіпсіздік сабағы»  / «Уроки безопасности»
08
қыркүйек
2025
«Қауіпсіздік сабағы» / «Уроки безопасности»
         «Адал азамат» бағдарламасы және «Қауіпсіздік сабағы» жобасы аясында  мектебімізде барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті.  Балалар өмірлік жағдаяттарды талқылап, қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым әрі тиімді жолдарын үйренді.  🔑 Сынып сағаттары сенімділік пен жауапкершіліктің маңызын түсінуге көмектесті. 📸 Жарқын сәттер – балалардың белсенділігі мен қызығушылығында!
"Көмек" бағдарламасы / Уроки по программе "Көмек"
02
қыркүйек
2025
"Көмек" бағдарламасы / Уроки по программе "Көмек"
                                    💡 «Көмек» – балаларға көмек, болашаққа сенім!            Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушылары үшін «Көмек» бағдарламасы аясында сабақ өткізілді. Оқушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, түрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет етуге болатынын да үйренеді.  Бағдарлама – балалардың қауіпсіз ортада өсуіне, сенімді тұлға болып қалыптасуына бағытталған. 🌿  
Жеке қауіпсіздік сабағы / Урок личной безопасности
02
қыркүйек
2025
Жеке қауіпсіздік сабағы / Урок личной безопасности
✨ Жеке қауіпсіздік сабағы ✨ 📅 Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік сабағы» өтті. Қазақстан мектептерінде бұл сабақтар 1 қыркүйектен бастап аптасына бір рет, сынып сағаттарында 10 минуттан өткізіледі және оқу жылы ішінде үш рет қайталанады. 🔹 Сабақ барысында оқушылар төтенше жағдайларда әрекет ету, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, интернеттегі қауіпсіздік пен кибербуллингтен қорғану, қаржылық қауіпсіздік туралы білім алды. 🎯 Мақсаты: Балалардың қауіпсіздікке деген
АБАЙ КҮНІ – «АБАЙ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»
15
тамыз
2025
АБАЙ КҮНІ – «АБАЙ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»
                                        📚✨ АБАЙ КҮНІ – «АБАЙ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»       Мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлы ақын, ойшыл және ағартушының шығармалары мен өмірі мен мұрасына арналған еңбектер қойылды. Бұл шара оқушыларға Абайдың рухани қазынасын тереңірек танып, оның шығармашылығының халқымыз тарихы мен мәдениетіндегі маңызын сезінуге мүмкіндік берді.  #Абай #Абай180жыл #АбайҰлыТұлға #№10Мектеп
2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты
20
маусым
2025
2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты
                           🎓 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты            Бүгін мектебіміздің тарихында ерекше күн! 11-сынып бітірушілеріне орта білім туралы аттестат табысталды. Бұл — түлектер үшін жаңа өмірге бастар алғашқы қадам. Салтанатты кеш өте әсерлі әрі шынайы эмоцияларға толы болды. Ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды тілектерін айтып, түлектерге сәттілік тіледі. Жас түлектер алғыс сөздерін арнап, мектеппен қоштасу сәтін есте қаларлық сәтке айналдырды.